КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

КӨШУ ҮРДІСІН ТЕГІН БАҒАЛАУ

Көшуді тегін бағалауды ұйымдастыру үшін сізге жай ғана телефон, электрондық пошта арқылы хабарласып немесе біздің сайтта өтінім қалдыруыңыз қажет. Менеджер сізге ыңғайлы кез келген уақытта келеді. Өтініш нәтижесінде шығындар сметасын жасап, оңтайландыру бойынша кеңестер дайындап, көшу бойынша барлық сұрақтарға жауап береміз. Тегін бағалау жұмыс тиімділігін арттырады және сізге бюджетіңізді түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ПӘТЕРЛІК КӨШІРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Жаңа пәтерге көшу — бұл әр адамның өміріндегі қуанышты сәт, бірақ өте қиын іс-шара. Бұған көп уақыт, күш пен жүйке кетуі мүмкін. Біздің компания қызметтерді бір күнде жүзеге асыра отыра, осы үдерістен ляззат алуға мүмкіндік береді. Елестетіп көріңіз, таңертең сіз ескі пәтерде оянып, ал кешке жаңа үйде сүйікті диванға ыңғайлы орналаса аласыз. Айналада бәрі реттелген: шкафтар жиналған, жиһаздар мен техника орналастырылған, заттар ұқыпты ашылған және өз орындарына қойылған. Жаңа пәтерге орналасуды тойлап бастаудың уақыты келді! Мұндай жылдам және жайлы көшу біздің көптеген клиенттеріміз үшін шындыққа айналды. Бізбен хабарласыңыз және біз сізге көшуге қуана көмектесеміз!

КЕҢСЕЛІК КӨШІРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қазіргі әлемде көптеген компаниялар әртүрлі себептермен жаңа кеңсеге көшу қажеттілігіне тап болады. Ұйым үлкен болған сайын, соғұрлым оны жүзеге асыру қиын. Біздің «IMove» компаниямызбен ұйымдастырылған көшу үрдісі мұқият жоспарланған болады, барлық нюанстар алдын ала ескеріледі, сізге үлкен кәсіпқойлар тобы қызмет көрсетеді. Толық аяқталған кеңселік көшіруді бір немесе екі демалыс күні ішінде жүргізуге болады. Мұндай тәсіл сіздің ұйымыңыздың үздіксіз жұмыс істеуінің, клиенттердің ыңғайлылығы мен оның қызметкерлерінің барынша жайлылығының кепілі болады. Біз сіздің мүліктеріңіз бен құжаттамаларыңыздың сақталуына толық жауап береміз. Бізге хабарласыңыз — сонда біз кеңсенің көшуі оңай, тез, қауіпсіз және қол жетімді екенін дәлелдейміз!

ЖҮКТЕРДІ КҮТІП АЛУ ЖӘНЕ ЖӨНЕЛТУ

Сізге жүгіңізді жөнелту немесе қарсы алу қажет, бірақ сіз тиеу немесе түсіру кезінде жеке қатыса алмайсыз? Біздің компания бұл мәселені шешуге көмектеседі. Клиенттің қалауы бойынша қарсы аламыз, жүкті жөнелтеміз, ілеспе құжаттарды рәсімдейміз, фото немесе бейне есеп береміз. Сақтау және одан кейінгі жөнелтуге арналған қоймалық үй-жайлар бар. Біздің көмегімізбен, сіз осы процесті қашықтықта тез және қауіпсіз басқара аласыз!

ҚОЙМАЛЫҚ ҮЙ-ЖАЙЛАР

Біздің компания сіздің заттарыңыз бен жүктеріңіз үшін қоймалау және сақтау қызметтерін ұсынады. Бізде жоғары қорғаныс және қауіпсіздік деңгейі бар көлемі әртүрлі қойма үй-жайлар бар. Біздің қызметтеріміздің арқасында, өзге қаланың және халықаралық ұймдарға өз бизнесімен қашықтықта және Нұр-Сұлтан қ. ресми өкілдігін ашпай-ақ оңай және қолжетімді түрде айналысуға болады. Кез келген міндеттерді орындауға көмектесеміз!

ОРАУ МАТЕРИАЛЫ

Барлық заттарды жинап, көшу үшін жиһаз бен техниканы дайындау үшін сізге арнайы орамдау материалдары қажет: әр түрлі көлемдегі картон қораптар, картон парақтары,  ауалы-көпіршікті үлдір, скотч және стрейч-пленка. Біздің арқамызда, әр түрлі дүкендерде және базарларда орау материалдарын іздеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Буып-түю материалдарына бізге тапсырыс беріңіз — ал біз оларды жеткіземіз және қажетті тапсырыс көлемін есептеуге көмектесеміз!

Көшу кезінде заттарды тасымалдау және сақтау үрдісін ұйымдастыру бойынша кәсіби қызметтер